Мамандықтар марафоны
Жамбыл ауданы білім бөлімі №7 орта мектебінде «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында мектепішілік 8–10 сынып оқушылары арасында «Мамандықтар марафоны» іс-шарасы өткізілді. Аталған шараның негізгі мақсаты – оқушыларға мамандық таңдау барысында бағыт-бағдар беру, олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтауға көмектесу, болашаққа саналы қадам жасауына ықпал ету. Марафонды мектептің кәсіби бағдар берушісі Сеитова Галия Елеубаевна өткізді.