19
қыркүйек
2024
Атақты спортшымен кездесу
19.09.2024 жылы мектебімізде атақты спортшымен кездесу ұйымдастырылды. Бүгінгі кездесудің қонағы ұлттық спортымызды өркендетуге үлес қосып жүрген азамат, білікті маман, тәжірибелі жаттықтырушы, спорт шебері, талай жарыстарда жүлделі орындарды қанжығасына байлаған, қазақтың талай баласын спортқа баулыған, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы, Жамбыл облысы қол күрес федерациясының вице президенті, Қазақстан Республикасы қол күрес федерациясының Жамбыл облысы филиалының директоры Жансакалов Ильяс Жеңісбайұлы бүгін бізге қонаққа келіп оқушыларымызды қанаттандырып кетті.