Қылмыссыз орта құру – қоғам міндеті
№7 орта мектебінде 2026 жылдың 22 сәуірінде «Қылмыссыз орта құру – қоғам міндеті» тақырыбында жалпы облыстық диктант өтті. Бұл маңызды шараға 8-11 сынып оқушылары қатысып, қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосты. Диктанттың негізгі мақсаты – жастар арасында заң мен тәртіп идеясын насихаттау, азаматтық жауапкершілікті арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу. Осындай игі бастамалар жас ұрпақтың саналы, жауапты азамат болып қалыптасуына үлкен септігін тигізеді.